ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 25-04-2022, 17:07  Автор: moderator

2022 жылдың 20-24 сәуір күндері аралығында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасыныңчемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің 3 спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ, №14 мектеп – лицейінің 6 сынып оқушысы Ғалымжанұлы Диас 36 кг салмақ дәрежесі бойынша, №262 мектеп – гимназиясының 9 сынып оқушысы Әбжамиев Ернұр 42 кг салмақ дәрежесі бойынша, №220 орта мектептің 7 сынып оқушысы Серікбай Бақытжан +55 кг салмақ дәрежесі бойынша чемпионаттың жеңімпазы атанды. Чемпиондарымыздың жаттықтырушысы әмбебап жекпе-жектен екі дүркін Әлем чемпионы Сауытбаев Фараби. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!


Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 28-03-2022, 17:00  Автор: moderator
2022 жылдың 23-27 наурыз күндері аралығында әмбебап жекпе-жек спорт түрінен Ақтау қаласында өткен жастар мен ересектер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары мен спортшылары 2 алтын,2 күміс,2 қола жүлдемен оралды.Совет Сырым мен Қуанышбаева Мақпал жеңімпаз атанды.Болатұлы Әліби, Болатбекұлы Дінислам күміс,Тұрымбетов Азамат, Кемалов Нұралы қола жүлде иеленді. Спортшыларымызды осы додаға дайындаған жаттықтырушылар Сауытбаев Фараби.Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 4-03-2022, 11:40  Автор: moderator
Шымкент қаласында грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ҚР чемпионатының екінші күні №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Болатұлы Алпамыс жеңімпаз атанып, Қызылорда облысының қоржынына алтын медаль сыйлады.
Алпамыс ауданымыздағы № 62 мектеп-лицейінің 9 «в»сыныбында оқиды. Сынып жетекшісі Ахметова Гүлшат.
Жас чемпионды республикалық додаға дайындаған жаттықтырушылары- Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев және Ардақ Таңатаров.
Айта кетейік, чемпионымыз осы жылы Катар мемлекетінде өтетін U 15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады



Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 3-03-2022, 11:36  Автор: moderator
2022 жылдың 1-10 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Қабылов Әмірмұхамбет чемпионаттың бірінші күнінен-ақ Қызылорда облысының қоржынына алтын медаль сыйлап, өңіріміздің атын шығарып чемпион атанды.
Әмірмұхамбет аудандағы №220 мектептің 9 сыныбында оқиды. Сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жұбанышова Фариза. Жас чемпионды республикалық додаға дайындаған жаттықтырушылары- Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев және Ардақ Таңатаров. Айта кетейік, чемпионымыз осы жылы өтетін U 15 жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады.


2021 жылдың 8-12 қыркүйек күндері бокстан Ақтау қаласында өткен Қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы ХІІІ халықаралық турнирде мектебіміздің түлегі Рахманов Оңталап жеңімпаз атанды. Оңталап бокстан ҚР спорт шебері. Жаттықтырушысы - Құлмағанбетов Әбдіразақ.

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 19-05-2021, 16:24  Автор: moderator
2021 жылдың 14-18 мамыр күндері аралығында WT таеквондодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының V Жастар ойындарында, мектебіміздің оқушысы Жармедетова Нұрайым 49 кг салмақ дәрежесі бойынша жарыстың күміс жүлдегері атанды. Нұрайым қазіргі таңда  Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 11 сынып оқушысы. Алғашқы жаттықтырушысы - Исмайлов Мәди. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!


2021 жылдың 15-17 сәуір күндері аралығында Арал қаласындағы №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде спорт шебері Оңдасын Нақылұлы Жанесеновты еске алуға арналған еркін күрестен 2006-2007 ж. т. жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир болып өтті. Турнирге республикамыздың Ақтөбе, Атырау, БҚО, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Шымкент және Жезқазған қалаларынан жалпы саны 350 спортшы қатысты. Турнир өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес ресми салтанатты ашылу мен жабылу рәсімдерінсіз және көрерменсіз өткізілді.

Үш күнге созылған турнир нәтижесі төмендегідей:

32 кг. салмақ дәрежесінде

І-орын Дайрабай Берекет (Арал ауданы, Сексеуіл кенті).

35 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Нұрлан Абылайхан (Шымкент қаласы).

38 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Күзенбай Нұрасыл (Арал қаласы).

41 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Боранбай Асылхан (Атырау қаласы).

44 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Сайын Мейрамхан (Шымкент қаласы).

48 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Тоқтақан Мадияр (Жамбыл облысы).

52 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құттыбеков Асылбек (Қызылорда қаласы).

57 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құттыбай Нұрбай (Жамбыл облысы).

62 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Наджамидин Нұрбақыт (Жамбыл облысы).

68 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Үздеу Ислам (Қызылорда қаласы).

85кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Дінисламұлы Нұрислам (Жамбыл облысы).

+85 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ләж Ғибрат (Ақтөбе қаласы).

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША:

"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына Күзербай Нұржан.

"Үздік техникасы үшін" номинациясына Нұрхан Абылайхан.

"Үздік белдесу өткізгені үшін" номинациясына Наджимадин Нұрбақыт ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медаль, грамоталарымен марапатталды.

ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!



2021 жылдың 11-13 сәуір күндері аралығында Арал қаласындағы 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен 2006-2007 және 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында, акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Турнир өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес ресми салтанатты ашылу мен жабылу рәсімдерінсіз және көрерменсіз өткізілді. Бұл жарысқа республикамыздың Шымкент қаласынан, Алматы, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Қызылорда облыстарынан барлығы 23 командада 450 спортшы қатысты. Палуандар 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Жарыс нәтижесі:

26 кг. салмақ дәрежесінде

І-орын Аманжол Есет (Шалқар ауданы).

29 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Оңласын Мағжан (Қаскелең ауданы).

33 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Жанажол Қуанышбек (Ақтөбе қаласы).

36 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Абдол Әліби (Шалқар ауданы).

40 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ташкенбай Нұрдаулет (Тараз қаласы).

41 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Болатұлы Алпамыс (Арал ауданы).

44 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Бекет Айдын (Шалқар ауданы).

48 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Зәурбек Марлан (Қаскелең ауданы).

52 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ахон Омар (БҚО)

68 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Мансуров Бауыржан (Қызылорда облысы).

75кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Кенжебеков Мұхаммед (Қызылорда облысы).

+85 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құсайын Мұхаммедәли (Ақтөбе қаласы).

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША:

"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына Кенжебеков Мұхаммед (Қызылорда облысы).

"Үздік техникасы үшін" номинациясына Ләсім Ердаулет (Түркістан облысы).

"Үздік белдесу өткізгені үшін" номинациясына Аманжол Есет (Шалқар ауданы) ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және демеушілердің арнайы кубок, медаль грамоталарымен марапатталды.

ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!


Ағымдағы жылдың 8-11 сәуірі аралығында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Көкшетау қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Сырым Совет пен Айбат Ибраимов жеңіс тұғырынан көрінді. Спортшымыз Сырым Совет 67 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, Айбат Ибраимов +67 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Айта кетейік, Сырым Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің 10-сынып, ал Айбат Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат - колледжінің 10-сынып оқушысы. Ауданымыздың мерейін үстем еткен қос бірдей спортшымыздың жаттықтырушысы – Фараби Сауытбаев.

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 10-04-2021, 09:53  Автор: moderator
2021 жылдың 6-9 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақ күресінен Қостанай қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз, мектебіміздің түлегі Сақтағанов Еңбек 90 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Еңбекті бұл додаға дайындаған Қызылорда облысының аға бапкері Кенеев Болат.