Материалы за Наурыз 2018 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Наурыз 2018 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Бүгін N19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спорттық-сауықтыру кешенінде Ұлыстың Ұлы күні 22-Наурыз мерекесіне орай ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық біріншілік басталды. Жарысқа жалпы 8 команда (Қызылорда қаласы, Шалқар ауданы, Қазалы ауданы, Сексеуіл кенті, Аралқұм а/о, Қарақұм а/о, Жақсықылыш кенті, Арал ауданының командалары) құрамында 150-ге жуық спортшы балуандар қатысуда. Жарысқа қатысушыларға сəттілік!




ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2004-2006 Ж.Т. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АКРОБАТИКАДАН ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ КСРО СПОРТ ШЕБЕРІ ДӘРИ ҚҰТТЫМҰРАТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

2018 жылдың 26 - 28 наурыз күндері аралығында Арал қаласында грек-рим күресінен 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Аталған турнирдің ашылу салтанаты 2018 жылдың 26 наурыз күні №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спорттық-сауықтыру кешенінде өткізілді. Республикалық турнирді Арал ауданының әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы ашып берді. Турнирге еліміздің Атырау, Ақтөбе, ОҚО және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Турнирді ұйымдастырушылар Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі.   





ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН 1998 - 2000 Ж.Т. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

2018 жылдың 21-24 наурыз күндері аралығында әйелдер күресінен Ақтөбе қаласында өткен 1998 - 2000 ж.т. жастар арасындағы ҚР чемпионатында мектебіміздің оқушысы Кенжеболатова Ұлжан қола жүлде иеленді. Ұлжанды чемпионатқа дайындап, жаттықтырған №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің еркін күрес бөлімшесінің І санатты жаттықтырушысы Жусупов Бауыржан. 


ТАЕКВОНДОДАН 2004-2006 Ж.Т. КАДЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫ

2018 жылдың 18-22 наурыз күндері аралығында таеквондодан Атырау қаласында өткен 2004-2006 ж.т. кадеттер арасындағы ҚР чемпионатында мектебіміздің оқушысы Жармедетова Нұрайым қола жүлде иеленді. Нұрайым қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы
Ж. Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сыныбында оқиды. Жаттықтырушылары - Аралбаев Азамат және №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің таеквондо бөлімшесінің І санатты жаттықтырушысы Исмайлов Мәди.


2018 жылдың 1-7 наурыз күндері аралығында тоғызқұмалақтан Қызылорда қаласында өткен мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде мектебіміздің тоғызқұмалақ бөлімшесінің оқушысы Өмірбаева Інжу турнирдің "ЕҢ ЖАС ОЙЫНШЫ" номинациясының иегері атанды. Жаттықтырушысы Мняжов Тұрлыбек. Інжу Арал ауданының Қаратерең ауылдық округіндегі №82 орта мектептің мектеп-алды даярлық тобында оқиды.



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 12-03-2018, 17:45  Автор: moderator
Мектебіміздің волейбол бөлімшесінің жаттықтырушысы БЕРДІБАЕВ ЖАСҰЛАН Қызылорда облысының волейболдан жасөспірім қыздар командасының АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ болып тағайындалды. Жасұланға спорттық жетістіктер мен жеңісті күндер тілейміз!!! 


ВОЛЕЙБОЛДАН 2001-2002 Ж.Т. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЖСМ БІРІНШІЛІГІ

Волейболдан 2018 жылдың 7-11 наурыз күндері аралығында Тереңөзек кентінде өткен 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыстық БЖСМ біріншілігінде мектебіміздің қыздар командасы чемпион атанды. Команда жаттықтырушысы - №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің волейбол бөлімшесінің жаттықтырушысы Бердібаев Жасұлан.



НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ

 Медиа  Дата: 6-03-2018, 10:45  Автор: moderator

ВОЛЕЙБОЛДАН ОҚУШЫ-СПОРТШЫ АСХАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

2018 жылдың 1-4 наурыз күндері аралығында ВОЛЕЙБОЛДАН 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында белгілі оқушы-спортшы Асхат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир болып өтті. Жарысқа (Ақтөбе облысының Байғанин, Хромтау, Ырғыз, Ембі, Бадамша аудандарынан Маңғыстау облысы Мұнайлы, Жаңаөзен, Қызылсай, Шетпе жəне де Қызылорда, Шымкент, Ақсай қалаларынан) 16 команда жалпы саны 192 жасөспірім қыздар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Арал ауданының командасы жүлделі ІІІ-орынға табан тіресе, ІІ-орын Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының командасына бұйырды. Ал, бас жүлде І-орынды Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жарыс аясында бірқатар қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды. Арал құрама командасын аталған турнирге дайындап, қатыстырған №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің волейбол бөлімшесінің жаттықтырушысы - Бердібаев Жасұлан