Материалы за Мамыр 2018 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Мамыр 2018 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Құттықтаймыз !!! 
2018 жылдың 29-30 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласында өткен 2003-2004 ж.т жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында жеңіл атлетиканың 100 метр қашықтықта жүгіруден күміс, 4х200 метр қашықтықтағы эстафетадан Ибрагимов Шерхан қүміс медаль иеленді. 
Ибрагимов Шерхан №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің жеңіл атлетика бөлімшесінің спортшысы.
Жаттықтырушысы: Бисембаев Нұрболат (№19 ААОРМБЖ мектебі)
Женістеріңіз құтты болсын!!!


Қызылордада оқушылар арасында ҚР жазғы Спартакиадасы аясында еркін күрестен жарыс аяқталды. Нəтижесінде облыс құрамасы 7 медальмен командалық есепте күміс жүлдені иеленді. Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары Жеңісбеков Асқар мен Әділханов Ерсұлтан күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушылары: Сапаров Бахтияр, Ержанов Жасқанат.





 
Грек-рим күресінен Қызылорда қаласында өткен мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР 9-шы жазғы Спартакиадасында қызылордалық спортшылар 9 медальмен командалық есепте күміс жүлдені иеленді. Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары Ақбалаев Берекет күміс жүлдегер, Садуақасов Даурен қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушылары - Қожекенов Талғат.



 
2018 жылдың 17 - 19 мамыр күндері аралығында грек-рим күресінен Орал қаласында өткен Ұлы Отан соғысының ардагері Кушев Сағынбас Есжанұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде мектебіміздің оқушылары Әбу Бердібек күміс жүлдегер, Төлебаев Қанағат қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушылары: Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр. 



Қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысының финалдық кезеңі мәресіне жетті. «Алтын белбеу» жарысы бір айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі палуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. 
Түйе палуандар сайысына 14 спортшы қатысты. Олардың арасында Арал ауданының тумасы, жерлесіміз Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 170 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Сонымен қатар, жеңімпаз спортшымыз шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алды.


Аудан әкімдігінің және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен белгілі спорт майталманы, жаттықтырушы, Арал өңірі спортшыларын тәрбиелеуде өзіндік сара жолын қалдырған белгілі бапкер Алмас Нұрқожаұлы Жанназаровты еске алуға арналған баскетболдан қалааралық турнир өз мəресіне жетіп НƏТИЖЕСІНДЕ:
І-орын Арал ауданы командасы
ІІ-орын Қазалы ауданы командасы
ІІІ-орын N62 мектеп-лицей командасы
ІІІ-орын Ақтөбе қаласы командасы жеңіп алды, ал НОМИНАЦИЯЛАР бойынша:
Үздік шабуылшы - Греков Роман (Ақтөбе)
Үздік қорғаушы - Бақбергенов Мұратбек (Қазалы)
Үздік байланыстырушы - Махамбетов Мұстафа (Арал)
Ең үздік ойыншы - Сайжанов (62 м/лицей)
Үздік мерген - Минаев Назар ( Ақтөбе) ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубок медаль грамотасымен демеушілердің ақшалай сыйлықтары мен марапатталды. ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!






2018 жылдың 18-22 сәуір күндері аралығында қазақ күресінен Жезқазған қаласында өткен 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында мектебіміздің спортшысы Сақтағанов Еңбек 81 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі.