ОРМБЖМ №19
БӨЛІМШЕЛЕРІ
Оцените работу движка
2018 жылдың 15-18 маусым күндері аралығындаОрталық стадионда Арал ауданы əкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен БОКСТАН 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Арал ауданының белгілі азаматы, меценат, облыстық маслихаттың екі шақырылым депутаты Тоғыс Махамбетжанұлы Жұмашевты еске алуға арналған республикалық турнир болып өтті.
Аталмыш турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, ауданымызға белгілі азамат Т.Жұмашевтың өмір жолына және көзі тірі кезінде атқарған игі істеріне тоқталып, турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Дәрежесі жылдан жылға өсіп, биылғы V мəрте өткізіліп отырған жарысқа еліміздің Қарағанды, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан барлығы 10 команда құрамында 80-нен астам спортшылар қатысуға ниет білдірді.
Жарыс қортындысы бойынша:
32 келі салмақта I-орын – Б.Мұратұлы, Арал ауданы;
34 келі салмақта I-орын – Кеден Ерболат, Қазалы ауданы;
36 келі салмақта I-орын – М.Керейтбаев, Шаған ауылы;
38 келі салмақта I-орын – Б.Айтымов, Арал ауданы;
40 келі салмақта I-орын – Айсұлтан Нұрмұхаммед, Арал ауданы;
42 келі салмақта I-орын – Бақберген Данир, Арал ауданы;
44 келі салмақта I-орын – Р.Азизов, Арал ауданы;
46 келі салмақта I-орын – Орынбасар Ақтілек, Қазалы ауданы;
48 келі салмақта I-орын – Қызыр Ілияс, Қазалы ауданы;
50 келі салмақта I-орын – Қожабай Нуриман, Шаған ауылы;
52 келі салмақта I-орын – Қуаныш Әлішер, Арал ауданы;
57 келі салмақта I-орын – Бозғұл Ербол, Арал ауданы;
60 келі салмақта I-орын – Е.Тастыбаев, Арал ауданының спортшысына бұйырды.
Сонымен қатар, турнир аясында Бекарыс Мұратұлы – «Үздік техникасы үшін», Сералы Азамат – «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталса, Қаныбетов Мұрат – «Үздік бапкер» номинатциясын еншілеп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс қорытындысымен жүлделі орынға ие болған спортшыларға аудан әкімінің мадақтамасы және «Тоғыс – АРАЛОТЫН» ЖШС-нің арнайы кубоктары мен медальдары табысталды.
ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!