2018 жылдың 23-25 қараша күндері аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында қазақ күресінен үш жас ерекшелігі бойынша "Жас барыс" республикалық турнирі өтті. Бұл жарыста облыс спортшылары 12 медальмен оралды. Аталған турнирде, 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында мектебіміздің спортшысы Сақтағанов Еңбек жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі.