Материалы за Қаңтар 2019 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Қаңтар 2019 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының бастамасымен ауданымызда пресс-тур ұйымдастырылды. 
Пресс-тур барысында аудан спортының жетістіктері мен жаңалықтары назарға алынды.
Пресс-тур Арал ауданынан басталып, апта көлемінде аймақ аудандарының барлығында өтеді.
Арал ауданы бойынша дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны - 22 140 адам.
2018 жылы аудан спортшылары ҚР чемпионаттарында 51 медальға қол жеткізді. Гір спортынан Қайрат Разақов пен Мұрат Махамбетов 2 мəрте Əлем чемпионы (ұзақ цикл, қоссайыс) атанса, əмбебап жекпе-жектен Фараби Сауытбаев Əлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Сауытбаев Фараби биыл Азия чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты. 
Арал спорты бойынша толығырақ 4 ақпан күні сағат 21.10-да "Qyzylorda" телеарнасының "Бəйге" бағдарламасынан көре аласыздар. 



2019 жылдың 29 қаңтар күні аудан әкімдігінде облыс аумағындағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатындағы көшпелі отырысы болып өтті. Мәжіліске облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Акимов Олжас бастаған басқарма мамандары арнайы қатысты.
Спорт саласы бойынша аудан көлемінде 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлжанов Толыбай хабарлама жасады. Мәжіліс барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Акимов Олжас сөз алып, Қызылорда облысы бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиын соңында мәжіліске қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, спорт саласындағы жетістіктерге ризашылықтарын білдірді.


2019 жылдың 28 қаңтар күні мектебіміздің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Еділбаев Мұрат СЖТ-1 тобына ашық сабақ өткізді. Сабаққа бақылаушы ретінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер және тәжірибе алмасу мақсатында басқа спорт түрлерінен 7 жаттықтырушы қатысты. Сабақ өз деңгейінде, жоспарға сай өткізілді.




Арал қаласында №19 Арал ауданы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залында еркін күрестен 2008-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында белгілі спортшы-жаттықтырушы Жасағанберген Қазтуғановты еске алуға арналған дәстүрлі қалааралық турнир өтті. Турнирдің ашылуына қатысқан №19 Арал ауданы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар- жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары Бержанов Құралбек жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Жарысқа 10 команда құрамында 100 жуық жасөспірімдер қатысты.
Жарыстың нәтижесі:
22 кг салмақ бойынша
І-орын Сәдуақас Нұрасыл (Кентау)
24 кг бойынша
І-орын Жамсапұлы Рамазан (Арал)
26 кг бойынша
І-орын Қаршығаұлы Ерасыл (Арал)
29 кг бойынша
І-орын Темірбаев Ғани (Шижаға)
35 кг бойынша 
І-орын Әділбек Наурызбай (Жалағаш)
38 кг бойынша
І-орын Сағымбаев Ерасыл (Кентау)
41 кг бойынша
І-орын Абдурасул Ердәулет (Қызылорда)
44 кг бойынша
І-орын Жұматай Арман (Арал)
48 кг бойынша
І-орын Жеткерген Наурыз (Жалағаш)
52 кг бойынша
І-орын Марат Мұхаммедәлли (Арал)
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы мадақтамасы және медальдарымен марапатталды.
ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!



Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында әмбебап жекпе-жектен Азия Чемпионатында жерлесіміз Сауытбаев Фараби чемпион атанған болатын. 2019 жылдың 23 қаңтар күні Арал аудандық спорт бөлімінің басшысы Т. Әлжанов, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры С. Алмағамбетов және белсенді жастар жеңімпазымызды темір жол вокзалынан арнайы күтіп алды. Жас чемпионды жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 23-01-2019, 18:31  Автор: moderator
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру комитетінің 2019 жылғы 08 қаңтардағы № 1 бұйрығымен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Әліби Болатұлына Арал ауданының спорты тарихында тұңғыш рет әмбебап жекпе-жектен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 21-01-2019, 10:56  Автор: moderator
2019 жылдың 19-20 қаңтар күндері аралығында әмбебап жекпе-жектен Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында мектебіміздің грэпплинг бөлімшесінің жаттықтырушысы Сауытбаев Фараби 65 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.


  
2019 жылдың 14 қаңтар күні мектебіміздің мәжіліс залында кезекті педагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңесте күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, 2018 жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды. Сонымен қатар, алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға байланысты тапсырмалар берілді. 

2019 жылдың 6-7 қаңтар күндері аралығында Арал өңірінің тумасы ҚР спорт шебері, III дан қара белбеу иегері Жандарбек Жақсылықұлы Тілеубаевты еске алуға арналған годзю-рю каратэ-додан республикалық турнир өткізілді. Турнирді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашты. Сонымен қатар, туыстары және достары Жандарбек Жақсылықұлын бір сәт еске алып, турнирді ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 
Сайыс барысында аталмыш спорт түрі бойынша тыныс алу және тамешивари (кірпіш, ағаш секілді қатты заттарды сындыру) жаттығулары көрсетілді.
Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша ер және қыз балалар арасында өткен спорт додасында 10 команда құрамындағы 100-ге жуық жас спортшылар шеберліктерін ортаға салды. Турнир каратэнің 4 бағдарламасы бойынша дзю-кумите, го-кумите-ката, шобу-кумите түрлерінен өткізілді.
Командалық сайыс бойыншы:
І-орын Алматы қаласы
ІІ-орын Қызылорда қаласы
ІІІ- орын Арал қаласы
Марапаттау рәсімінде ҚР Мейбукан годзю-рю каратэ-до федерациясының президенті Н.Керімбаев турнирдің жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған жас спортшылар салтанатты түрде арнайы дипломмен, медальмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.









2018 жылдың 30 желтоқсан күні Арал аудандық мәдениет үйінде №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің 2018 жылға арналған жаңа жылдық қорытынды кеші болып өтті. Қорытынды кеште мектеп директоры Серік Алмағамбетов барша спортшыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жылдың үздіктерін марапаттады.
"Жыл үздіктері"
1. "Үздік бөлімше" номинациасының иегері - Футбол бөлімшесі
2. "Үздік спортшы" номинациасының иегері - Сақтағанов Еңбек
3. "Үздік жаттықтырушы" номинациасының иегері - Исанов Рүстем
4. "Топжарған" номинациасының иегері - Сауытбаев Фараби