Материалы за Ақпан 2019 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Ақпан 2019 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 25-02-2019, 10:32  Автор: moderator
2019 жылдың 23-24 ақпан күндері аралығында Тараз қаласында өткен ГРЭППЛИНГ және ГРЭППЛИНГ ГИден ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында, мектебіміздің грэпплинг бөлімшесінің жаттықтырушысы Сауытбаев Фараби 62 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Фараби грэпплингтен ҚР спорт шебері. Құттықтаймыз!!!

2019 жылдың 13-17 ақпан күндері аралығында кикбоксингтен Төретам кентінде 2003-2004 және 2005-2007 жылдары туылған жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы облыс біріншілігі болып өтті. Аталған біріншілікке мектебімізден 9 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, мектебіміздің спортшылары Кеңесов Сұлтанбек 2 орын, Рысдаулетов Ерасыл, Нұрланұлы Рамазан және Серікбаев Жандос 3 орын иеленді. Жаттықтырушылары - Саматова Гульбану. Жеңістеріңіз құтты болсын!




2019 жылдың 12 - 17 ақпан күндері аралығында самбодан Ақтау қаласында өткен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің спортшысы Сақтағанов Еңбек күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі. Құттықтаймыз!!!




2019 жылдың 15-16 ақпан күндері аралығында грек-рим күресінен Алматы қаласында өткен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің спортшысы Алданиязов Мақсат 48 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Қожекенов Талғат. Құттықтаймыз!!!


ҚОЛ ДОБЫ. ҚОЛА ЖҮЛДЕ

 Жаңалықтар  Дата: 12-02-2019, 11:50  Автор: moderator
Шымкент қаласында гандболдан 2004 ж.т. жəне одан төмен жасөспірім қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің облыстарынан 12 команда қатысты.
Нəтижесінде қызылордалық гандболшылар ел чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, осы жарысқа мектебіміздің спортшысы Әбдісұлтанова Жадыра қатысты. Жаттықтырушысы - Исанов Рүстем.

Жүлделеріңіз құтты болсын!!!



2019 жылдың 8 - 9 ақпан күндері аралығында грек-рим күресінен Қызылорда қаласында өткен облыс біріншілігінде мектебіміздің спортшылары жалпы саны 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, командалық есепте жүлделі 3 орынды алды. Жаттықтырушылары - Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр, Таңатаров Ардақ.