"Мұз айдыны" СК-де əмбебап жекпе-жектен ерлер мен əйелдер арасында өткізілген ел чемпионатында жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.
Облыс тарихында алғашқы мəрте ұйымдастырылған дүбірлі бəсеке Кеңес əскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына жəне Ұлы Жеңістың 74 жылдығына арналды.
Айтулы бəсекеде Сыр спортшылары 8 алтын, 1 күміс, 9 қола медальді облыс қоржынына салды.
Нəтижесінде тамыз айында Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына 8 спортшы жолдама алды.
Ел чемпионатында екінші орынды Алматы, үшінші орында Шымкент қалаларының командалары иеленді.
Сонымен қатар, бұл чемпионатқа мектебімізден қатысқан спортшыларымыз Әліби Болатұлы, Гүлбану Саматова, Гүлжайна Мұхтарова, Ұлжан Кенжеболатова және Дастан Тиыштықбаев жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
55 келі: Нұрлыхан Тілектесов
65 келі: Мансұр Мимбулатов
70 келі: Вадим Федосеев
63 келі: Гүлбану Саматова
75 келі: Əліби Болатұлы
80 келі: Талғат Утебаев
85 келі: Асқар Қоңқабаев
90 келі: Төлеген Аймаханов
КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР:
+95 келі: Айболат Мұратұлы
ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:
52 келі: Гүлжайна Мұхтарова
57 келі: Ұлжан Кенжеболатова
57 келі: Мақпал Қуанышбаева
70 келі: Бекет Абдыхалықов
75 келі: Оңғарсын Насыр
80 келі: Бейбарыс Əбілда
85 келі: Дастан Тиыштықбаев
95 келі: Рүстем Дəулетбай
+95 келі: Нұрбек Алдажаров







