Материалы за Маусым 2019 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Маусым 2019 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 23-06-2019, 16:51  Автор: moderator
2019 жылдың 18-22 маусым күндері аралығында Қордай қаласында өткен кикбоксингтен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында, мектебіміздің оқушысы Өмірбекқызы Ақнұр ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы - Саматова Гульбану.

2019 жылдың 13-17 маусым күндері аралығында қазақ күресінен Жезқазған қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшысы Сақтағанов Еңбек 82 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі.
2019 жылдың 5-11 маусым күндері аралығында, ВОЛЕЙБОЛДАН Павлодар қаласында өткен 2006-2007 ж.т. жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, облыс құрама командасы қола жүлдегер атанды. Аталған чемпионатқа мектебіміздің волейбол бөлімшесінің оқушысы Берманов Қайсар қатысты. Жаттықтырушысы - Келжанов Дархан. Жүлделеріңіз құтты болсын!!!



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 7-06-2019, 15:47  Автор: moderator
2019 жылдың 2-5 маусым күндері аралығында, ТАЕКВОНДОДАН Алматы қаласында өткен жасөспірімдер мен балалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің оқушылары Жақсыбаева Нұрайым 28 кг салмақ дәрежесінде 1 - орын, Ерболатұлы Ерасыл 30 кг салмақ дәрежесінде 3 - орын иеленді. Жаттықтырушысы - Исмайлов Мади. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 3-06-2019, 15:37  Автор: moderator
2019 жылдың 30 мамыр - 2 маусым күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді. Аталған жарыста оқушыларымыз Айдар Ислам 25 кг. салмақта 2-орын, Балтабай Бауыржан 35 кг салмақта 2 - орын, Болатбекұлы Дінислам 43 кг салмақта 2-орын, Талап Бекзат 34 кг салмақта 3-орынға ие болды. 
Жаттықтырушысы: Сауытбаев Фараби