![]() | ![]() |
ОРМБЖМ №19
БӨЛІМШЕЛЕРІ
Оцените работу движка
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Бүгін, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде еркін күрестен 2006-2007 және 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында белгілі спортшы, кәсіптік білім беру саласының үздігі Мүсенов Сақытжан Сыражатұлын еске алуға арналған республикалық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұбанов сөз алып, Сақытжан Сыражатұлының ауданның спорт саласына сіңірген еңбегіне тоқталып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш турнирде Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 200-ге жуық жас балуан бақ сынауда.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
2019 жылдың 15-19 қазан күндері аралығында «2019 жыл-Жастар жылына» орай және Мақтаарал ауданы әкімінің кубогы үшін өткен бокстан 2003-2004 ж.т. жасөспірім қыздар арасындағы Халықаралық турнирде мектебіміздің спортшысы Ирзаева Ақгүл 48 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Мыңжасаров Мақсат. Құттықтаймыз!!!
![]() | ![]() |
2019 жылдың 10 - 18 қазан күндері аралығында футболдан Жамбыл облысы, Қаратау қаласында өткен ауыл спорт мектептерінің 2005 жылы туылған жасөспірімдері арасындағы ҚР чемпионатына қатысқан мектебіміздің футболшылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Оқушыларды аталған чемпионатқа дайындаған, мектебіміздің футбол бөлімшесінің жаттықтырушылары Ордабаев Бақтыбай, Жұбаназаров Болатбек, Алменов Дастан. Жүлделеріңіз құтты болсын!!!