2019 жылдың 30 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде жылдың қорытынды кеші өткізілді.
Мерекелік қорытынды кешті аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы құттықтау сөзімен ашып, аудан әкімінің атынан дайындалған "ТОПЖАРҒАН" және "ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАДАРЫН ДАЙЫНДАҒАНЫ ҮШІН" номинацияларын табыстады. Сонымен қатар, №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің директоры Алмағамбетов Серік Алдажарұлы 2019 жылдың қорытындысы бойынша "ЕҢ ҮЗДІК БӨЛІМШЕ", "ЕҢ ҮЗДІК СПОРТШЫ", "ЕҢ ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ", "ЕҢ ҮЗДІК ДЕМЕУШІ" атанған номинанттарды марапаттады.
1. "Топжарған" - Болатұлы Әліби. Әмбебап жекпе-жектен Ресейдің Анапа қаласында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, ҚР чемпионатының жеңімпазы. 2017 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы. Әмбебап жекпе-жектен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2. "Топжарған" - Сауытбаев Фараби. Әмбебап жекпе-жектен Ресейдің Анапа қаласында өткен Әлем және Өзбекстан Республикасында өткен Азия чемпионаттарының жеңімпазы, грэпплингтен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері. 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Әмбебап жекпе-жектен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
3. "Топжарған" - Сәлімгереев Нұрым. 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен қазақ күресінен Әлем чемпионатының жеңімпазы, Еуразия Барысы, дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері, қазақ күресінен және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері және дзюдодан ҚР спорт шебері.
4. "Әлем чемпиондарын дайындағаны үшін" - Жусупов Бауыржан. 2019 жылы әмбебап жекпе-жектен Ресейдің Анапа қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары Болатұлы Әліби мен Сауытбаев Фарабидің жаттықтырушысы.
5. "Ең үздік бөлімше" - грек-рим күресі бөлімшесі. 2019 жылғы жетістіктері - Қазақстан Республикасы чемпионаттарынан 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль.
6. "Ең үздік спортшы" - Зұлбұхарұлы Бекжан. 2019 жылдың 12-17 қыркүйек күндері аралығында жеңіл атлетикадан Ақтөбе қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының V жазғы паралимпиадалық ойындарының 100, 200, 400 метр қашықтыққа жүгіру бағдарламалары бойынша жеңімпазы.
7. "Ең үздік жаттықтырушы" - Бисембаев Нұрболат. Жеңіл атлетикадан Ақтөбе қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының V жазғы паралимпиадалық ойындарының жеңімпазы Зұлбұхарұлы Бекжан мен Нұржанов Бақытбектің, найза лақтырудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Шамшаев Дамир мен Жақсылықов Субханның жаттықтырушысы.
8. "Ең үздік демеуші" - Ибраев Ерлан Нұржанұлы.
МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Сонымен қатар, кеш қонағы 2019 жылғы «Әлем Барысы» чемпионатының жүлдегері, қазақ күресінен және самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсат Исағабыловқа мектебіміздің атынан естелік сыйлық тапсырылды.
МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |