Материалы за Наурыз 2021 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Наурыз 2021 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 29-03-2021, 09:35  Автор: moderator

2021 жылдың 26-28 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында түйіспелі қоян-қолтық ұрыстан өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Исабаев Сұлтанбек 35 кг, Балтабай Бауыржан 40 кг, Кемалов Нұралы 55 кг, Серікбай Бақытжан +55 кг салмақ дәрежелерінде І орын, Сәдіров Ерасыл 40 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, иеленді. Жаттықтырушысы – Сауытбаев Фараби. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың 19 наурыз күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің ұйымдастыруымен «22 Наурыз - жыл басы» мерекесіне орай қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында облыстық “Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері, Қарақұм, Аралқұм, Жіңішкеқұм, Құланды және Арал қаласынан жалпы саны 130-ға жуық жас палуандар қатысты. 32 салмақ дәрежелері бойынша анықталған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мвдақтамасы мен медальдарымен марапатталды. Жарыс ресми ашылу және жабылу рәсімінсіз, көрермендерсіз, барлық санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.



Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 17-03-2021, 09:57  Автор: moderator

2021 жылдың 10-16 наурыз күндері аралығында әмбебап жекпе-жектен Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Совет Сырым 70 кг салмақ дәрежесінде І орын, Құрманғали Мейірхан +45 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Кемалов Нұралы 55 кг, Талап Бекзат 45 кг, Құдайбергенов Думан 65 кг салмақ дәрежелерінде ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы – Болатұлы Әліби.



Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 15-03-2021, 15:37  Автор: moderator
2021 жылдың 11-14 наурыз күндері аралығында Ақтөбе қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен балалармен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта спортшыларымыз Серікбай Бақытжан +43 кг салмақ дәрежесі бойынша І орын, Балтабай Бауыржан 43 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орын, Шынтемірұлы Иманәли +39 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын, Оспанов Мирас 29 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын иеленді. Бақытжан қаламыздағы №220 орта мектептің 5 сынып, Бауыржан №13 орта мектептің 7 сынып, Иманәли №262 мектеп-гимназиясының 3 сынып, Мирас №62 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы. Спортшыларымыз білім алатын мектеп ұжымын оқушыларының жетістіктерімен құттықтаймыз!!!

27 ақпан - 2 наурыз күндері аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында 14-15, 16-17, 18-21 жас аралығында жасөспірімдер мен жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатында — 70 кг салмақ дәрежесі бойынша №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің әмбебап жекпе -жек бөлімшесінің оқушысы Совет Сырым жеңімпаз атанды. Сырым 2005 жылы туылған, Арал қласындағы №14 мектеп лицейінің оқушысы. Жеңістеріңіз құтты болсын!!! Жаттықтырушысы - Сауытбаев Фараби