Материалы за Наурыз 2022 года » ОРМБЖМ №19
» Материалы за Наурыз 2022 года

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 28-03-2022, 17:00  Автор: moderator
2022 жылдың 23-27 наурыз күндері аралығында әмбебап жекпе-жек спорт түрінен Ақтау қаласында өткен жастар мен ересектер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары мен спортшылары 2 алтын,2 күміс,2 қола жүлдемен оралды.Совет Сырым мен Қуанышбаева Мақпал жеңімпаз атанды.Болатұлы Әліби, Болатбекұлы Дінислам күміс,Тұрымбетов Азамат, Кемалов Нұралы қола жүлде иеленді. Спортшыларымызды осы додаға дайындаған жаттықтырушылар Сауытбаев Фараби.Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 4-03-2022, 11:40  Автор: moderator
Шымкент қаласында грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ҚР чемпионатының екінші күні №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Болатұлы Алпамыс жеңімпаз атанып, Қызылорда облысының қоржынына алтын медаль сыйлады.
Алпамыс ауданымыздағы № 62 мектеп-лицейінің 9 «в»сыныбында оқиды. Сынып жетекшісі Ахметова Гүлшат.
Жас чемпионды республикалық додаға дайындаған жаттықтырушылары- Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев және Ардақ Таңатаров.
Айта кетейік, чемпионымыз осы жылы Катар мемлекетінде өтетін U 15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады



Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 3-03-2022, 11:36  Автор: moderator
2022 жылдың 1-10 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Қабылов Әмірмұхамбет чемпионаттың бірінші күнінен-ақ Қызылорда облысының қоржынына алтын медаль сыйлап, өңіріміздің атын шығарып чемпион атанды.
Әмірмұхамбет аудандағы №220 мектептің 9 сыныбында оқиды. Сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жұбанышова Фариза. Жас чемпионды республикалық додаға дайындаған жаттықтырушылары- Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев және Ардақ Таңатаров. Айта кетейік, чемпионымыз осы жылы өтетін U 15 жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады.