Мекеме туралы » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

"№ 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 


 

 



  • Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 1964 жылы Арал қаласындағы №220 орта мектебінің спорттық базасында құрылған. Ашылған жылдары баскетбол, волейбол спорт түрлері ғана жұмыс жасаған. Ірге тасы қалаған жылдардан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі аралықта спорт мектебінің материалдық-техникалық базасының ауқымы кеңейіп, спорттың жаңа түрлері ашылып, шәкірттер тәрбиеленді. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан саңлақ спортшыларымыз аудан намысын облыстық, республикалық және әлемдік деңгейдегі спорттық сайыстарда абыроймен қорғауда. Солардың ішінде мектебіміздің алғашқы төл түлектерінің бірі Дәри Құттымұратовтың орны бір бөлек. Ол акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері.


  • Спорт мектебі ашылған 1964 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі аралықта мекеменің басшылық қызметінде бірнеше директор қызмет атқарды. Олар: Жұмамұратов Ерғали, И. Д. Шульга, Данабаев Көлбай, Қараев Ерболат, Бітімбаев Жалғас, Алмағамбетов Серік.    

    1964-2015 жылдар аралығында мекеме атауы бірнеше мәрте өзгертілді  

  • 10.03.2005 жылдан бастап Қызылорда облысы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

 

  • 04. 01. 2014 жылдан бастап Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі КММ болып қайта тіркелді.

 

  •  05. 01. 2015 жылдан бастап Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі КММ болып қайта тіркелді.

 

  • 2019-2020 оқу жылында мектепте спорттың 14 түрінен 91 топта барлығы 1196 бала тұрақты спортпен айналысады.