ОРМБЖМ №19 http://sdyusshor19.kz/ ru ОРМБЖМ №19 DataLife Engine Оңталап - Халықаралық турнир жеңімпазы атанды http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/326-otalap-halyaraly-turnir-zhempazy-atandy.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/326-otalap-halyaraly-turnir-zhempazy-atandy.html 2021 жылдың 8-12 қыркүйек күндері бокстан Ақтау қаласында өткен Қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы ХІІІ халықаралық турнирде мектебіміздің түлегі Рахманов Оңталап жеңімпаз атанды. Оңталап бокстан ҚР спорт шебері. Жаттықтырушысы - Құлмағанбетов Әбдіразақ.
]]>
moderator Sun, 12 Sep 2021 17:07:35 +0600
Құттықтаймыз!!! http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/325-ttytaymyz.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/325-ttytaymyz.html 2021 жылдың 14-18 мамыр күндері аралығында WT таеквондодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының V Жастар ойындарында, мектебіміздің оқушысы Жармедетова Нұрайым 49 кг салмақ дәрежесі бойынша жарыстың күміс жүлдегері атанды. Нұрайым қазіргі таңда  Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 11 сынып оқушысы. Алғашқы жаттықтырушысы - Исмайлов Мәди. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!


]]>
moderator Wed, 19 May 2021 16:24:18 +0600
Спорт шебері Оңдасын Нақылұлы Жанесеновты еске алуға арналған еркін күрестен 2006-2007 ж. т. жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/316-sport-sheber-odasyn-naylly-zhanesenovty-eske-alua-arnalan-erkn-kresten-2006-2007-zh-t-zhassprmder-arasynday-respublikaly-turnir.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/316-sport-sheber-odasyn-naylly-zhanesenovty-eske-alua-arnalan-erkn-kresten-2006-2007-zh-t-zhassprmder-arasynday-respublikaly-turnir.html 2021 жылдың 15-17 сәуір күндері аралығында Арал қаласындағы №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде спорт шебері Оңдасын Нақылұлы Жанесеновты еске алуға арналған еркін күрестен 2006-2007 ж. т. жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир болып өтті. Турнирге республикамыздың Ақтөбе, Атырау, БҚО, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Шымкент және Жезқазған қалаларынан жалпы саны 350 спортшы қатысты. Турнир өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес ресми салтанатты ашылу мен жабылу рәсімдерінсіз және көрерменсіз өткізілді.

Үш күнге созылған турнир нәтижесі төмендегідей:

32 кг. салмақ дәрежесінде

І-орын Дайрабай Берекет (Арал ауданы, Сексеуіл кенті).

35 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Нұрлан Абылайхан (Шымкент қаласы).

38 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Күзенбай Нұрасыл (Арал қаласы).

41 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Боранбай Асылхан (Атырау қаласы).

44 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Сайын Мейрамхан (Шымкент қаласы).

48 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Тоқтақан Мадияр (Жамбыл облысы).

52 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құттыбеков Асылбек (Қызылорда қаласы).

57 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құттыбай Нұрбай (Жамбыл облысы).

62 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Наджамидин Нұрбақыт (Жамбыл облысы).

68 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Үздеу Ислам (Қызылорда қаласы).

85кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Дінисламұлы Нұрислам (Жамбыл облысы).

+85 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ләж Ғибрат (Ақтөбе қаласы).

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША:

"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына Күзербай Нұржан.

"Үздік техникасы үшін" номинациясына Нұрхан Абылайхан.

"Үздік белдесу өткізгені үшін" номинациясына Наджимадин Нұрбақыт ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медаль, грамоталарымен марапатталды.

ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!



]]>
moderator Sun, 18 Apr 2021 10:33:07 +0600
Акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/317-akrobatikadan-aza-zhastary-arasynan-shyan-tysh-ksro-sport-sheber-dri-buly-ttymratovty-eske-alua-arnalan-respublikaly-turnir.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/317-akrobatikadan-aza-zhastary-arasynan-shyan-tysh-ksro-sport-sheber-dri-buly-ttymratovty-eske-alua-arnalan-respublikaly-turnir.html 2021 жылдың 11-13 сәуір күндері аралығында Арал қаласындағы 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен 2006-2007 және 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында, акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Турнир өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес ресми салтанатты ашылу мен жабылу рәсімдерінсіз және көрерменсіз өткізілді. Бұл жарысқа республикамыздың Шымкент қаласынан, Алматы, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Қызылорда облыстарынан барлығы 23 командада 450 спортшы қатысты. Палуандар 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Жарыс нәтижесі:

26 кг. салмақ дәрежесінде

І-орын Аманжол Есет (Шалқар ауданы).

29 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Оңласын Мағжан (Қаскелең ауданы).

33 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Жанажол Қуанышбек (Ақтөбе қаласы).

36 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Абдол Әліби (Шалқар ауданы).

40 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ташкенбай Нұрдаулет (Тараз қаласы).

41 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Болатұлы Алпамыс (Арал ауданы).

44 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Бекет Айдын (Шалқар ауданы).

48 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Зәурбек Марлан (Қаскелең ауданы).

52 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ахон Омар (БҚО)

68 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Мансуров Бауыржан (Қызылорда облысы).

75кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Кенжебеков Мұхаммед (Қызылорда облысы).

+85 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құсайын Мұхаммедәли (Ақтөбе қаласы).

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША:

"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына Кенжебеков Мұхаммед (Қызылорда облысы).

"Үздік техникасы үшін" номинациясына Ләсім Ердаулет (Түркістан облысы).

"Үздік белдесу өткізгені үшін" номинациясына Аманжол Есет (Шалқар ауданы) ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және демеушілердің арнайы кубок, медаль грамоталарымен марапатталды.

ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!


]]>
moderator Wed, 14 Apr 2021 11:59:40 +0600
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ - ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА... http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/318-ttytaymyz-sportshylarymyz-zhes-tyrynda.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/318-ttytaymyz-sportshylarymyz-zhes-tyrynda.html Ағымдағы жылдың 8-11 сәуірі аралығында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Көкшетау қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Сырым Совет пен Айбат Ибраимов жеңіс тұғырынан көрінді. Спортшымыз Сырым Совет 67 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, Айбат Ибраимов +67 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Айта кетейік, Сырым Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің 10-сынып, ал Айбат Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат - колледжінің 10-сынып оқушысы. Ауданымыздың мерейін үстем еткен қос бірдей спортшымыздың жаттықтырушысы – Фараби Сауытбаев.

]]>
moderator Mon, 12 Apr 2021 09:48:03 +0600
Құттықтаймыз!!! http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/319-ttytaymyz.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/319-ttytaymyz.html 2021 жылдың 6-9 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақ күресінен Қостанай қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз, мектебіміздің түлегі Сақтағанов Еңбек 90 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Еңбекті бұл додаға дайындаған Қызылорда облысының аға бапкері Кенеев Болат.

]]>
moderator Sat, 10 Apr 2021 09:53:05 +0600
Құттықтаймыз!!! http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/322-ttytaymyz.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/322-ttytaymyz.html 2021 жылдың 26-28 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында түйіспелі қоян-қолтық ұрыстан өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Исабаев Сұлтанбек 35 кг, Балтабай Бауыржан 40 кг, Кемалов Нұралы 55 кг, Серікбай Бақытжан +55 кг салмақ дәрежелерінде І орын, Сәдіров Ерасыл 40 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, иеленді. Жаттықтырушысы – Сауытбаев Фараби. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

]]>
moderator Mon, 29 Mar 2021 09:35:42 +0600
“Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу кезеңі http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/320-altyn-belbeu-2021-zharysyny-audandy-rkteu-keze.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/320-altyn-belbeu-2021-zharysyny-audandy-rkteu-keze.html Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың 19 наурыз күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің ұйымдастыруымен «22 Наурыз - жыл басы» мерекесіне орай қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында облыстық “Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері, Қарақұм, Аралқұм, Жіңішкеқұм, Құланды және Арал қаласынан жалпы саны 130-ға жуық жас палуандар қатысты. 32 салмақ дәрежелері бойынша анықталған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мвдақтамасы мен медальдарымен марапатталды. Жарыс ресми ашылу және жабылу рәсімінсіз, көрермендерсіз, барлық санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.



]]>
moderator Sat, 20 Mar 2021 09:57:30 +0600
Құттықтаймыз!!! http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/323-ttytaymyz.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/323-ttytaymyz.html 2021 жылдың 10-16 наурыз күндері аралығында әмбебап жекпе-жектен Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Совет Сырым 70 кг салмақ дәрежесінде І орын, Құрманғали Мейірхан +45 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Кемалов Нұралы 55 кг, Талап Бекзат 45 кг, Құдайбергенов Думан 65 кг салмақ дәрежелерінде ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы – Болатұлы Әліби.



]]>
moderator Wed, 17 Mar 2021 09:57:08 +0600
Құттықтаймыз!!! http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/321-ttytaymyz.html http://sdyusshor19.kz/zhaalytar/321-ttytaymyz.html 2021 жылдың 11-14 наурыз күндері аралығында Ақтөбе қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен балалармен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта спортшыларымыз Серікбай Бақытжан +43 кг салмақ дәрежесі бойынша І орын, Балтабай Бауыржан 43 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орын, Шынтемірұлы Иманәли +39 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын, Оспанов Мирас 29 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын иеленді. Бақытжан қаламыздағы №220 орта мектептің 5 сынып, Бауыржан №13 орта мектептің 7 сынып, Иманәли №262 мектеп-гимназиясының 3 сынып, Мирас №62 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы. Спортшыларымыз білім алатын мектеп ұжымын оқушыларының жетістіктерімен құттықтаймыз!!!

]]>
moderator Mon, 15 Mar 2021 15:37:12 +0600