ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2004-2006 Ж.Т. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АКРОБАТИКАДАН ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ КСРО СПОРТ ШЕБЕРІ ДӘРИ ҚҰТТЫМҰРАТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
2018 жылдың 26 - 28 наурыз күндері аралығында Арал қаласында грек-рим күресінен 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Аталған турнирдің ашылу салтанаты 2018 жылдың 26 наурыз күні №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спорттық-сауықтыру кешенінде өткізілді. Республикалық турнирді Арал ауданының әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы ашып берді. Турнирге еліміздің Атырау, Ақтөбе, ОҚО және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Турнирді ұйымдастырушылар Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі.




