ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ!!! » ОРМБЖМ №19
» » ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ!!!

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 13-02-2020, 15:00
Бүгін №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірім қыз балалар арасында белгілі спортшы Асхат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, белгілі волейболшы Асхат Ахановтың өмір жолына тоқталып, спортшының спорт саласындағы жетістіктерін айта келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл ауданымызда XІX мәрте өткізіліп жатқан турнирге еліміздің 7 аймағынан: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 25 команда, құрамында жалпы саны 300-ге жуық жасөспірім қыздар қатысып, бақ сынауда.
Төрт күнге жоспарланған жарыстың ойындары Арал қаласындағы №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінде және №14 мектеп-лицейдің спорт залдарында өткізіледі.
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!