АСХАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ » ОРМБЖМ №19
» » АСХАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

АСХАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 Жаңалықтар  Дата: 16-02-2020, 19:55
Белгілі спортшы, жерлесіміз Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті. Төрт күнге созылған турнирдің жабылу салтанатына Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысты.
Биыл ауданымызда XIХ-мәрте өткізілген турнирге еліміздің 7 аймағынан жалпы саны 25 команда қатысып, үздік үш команда жүлделі орынды өзара бөлісті.
Сайыс қорытындысына сәйкес І-орынды Қызылорда облыстық №2 ОРМБЖМ-нің командасы жеңіп алды, ІІ-орын Маңғыстау облысы, Басқұдық БЖСМ-нің командасына бұйырды. Ал, Түркістан облысы, Шардара БЖСМ-нің командасы жүлделі ІІІ-орынға табан тіреді.
Сонымен қатар, жарысқа қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды.