Хабарландыру » ОРМБЖМ №19
» » Хабарландыру

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Хабарландыру

 Жаңалықтар  Дата: 16-03-2020, 16:05
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз күні сағат 08.00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күні сағат 07.00-ге дейін кезеңінде төтенше жағдай енгізді.
Төтенше жағдай енгізілген уақытта спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Осыған орай, Ата-аналар мен спортшыларға Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, спорт залдар мен ойын алаңдарындағы өтетін барлық деңгейдегі спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу сабақтарын жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында тоқтатылып, онлайн жүйеде өтетіндігін хабарлайды.