Акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир » ОРМБЖМ №19
» » Акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир

 Жаңалықтар  Дата: 14-04-2021, 11:59

2021 жылдың 11-13 сәуір күндері аралығында Арал қаласындағы 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорттық сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен 2006-2007 және 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында, акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Турнир өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес ресми салтанатты ашылу мен жабылу рәсімдерінсіз және көрерменсіз өткізілді. Бұл жарысқа республикамыздың Шымкент қаласынан, Алматы, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Қызылорда облыстарынан барлығы 23 командада 450 спортшы қатысты. Палуандар 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Жарыс нәтижесі:

26 кг. салмақ дәрежесінде

І-орын Аманжол Есет (Шалқар ауданы).

29 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Оңласын Мағжан (Қаскелең ауданы).

33 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Жанажол Қуанышбек (Ақтөбе қаласы).

36 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Абдол Әліби (Шалқар ауданы).

40 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ташкенбай Нұрдаулет (Тараз қаласы).

41 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Болатұлы Алпамыс (Арал ауданы).

44 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Бекет Айдын (Шалқар ауданы).

48 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Зәурбек Марлан (Қаскелең ауданы).

52 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Ахон Омар (БҚО)

68 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Мансуров Бауыржан (Қызылорда облысы).

75кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Кенжебеков Мұхаммед (Қызылорда облысы).

+85 кг. салмақ дәрежесінде:

І-орын Құсайын Мұхаммедәли (Ақтөбе қаласы).

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША:

"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына Кенжебеков Мұхаммед (Қызылорда облысы).

"Үздік техникасы үшін" номинациясына Ләсім Ердаулет (Түркістан облысы).

"Үздік белдесу өткізгені үшін" номинациясына Аманжол Есет (Шалқар ауданы) ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және демеушілердің арнайы кубок, медаль грамоталарымен марапатталды.

ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!