“Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу кезеңі » ОРМБЖМ №19
» » “Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу кезеңі

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

“Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу кезеңі

 Жаңалықтар  Дата: 20-03-2021, 09:57

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың 19 наурыз күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің ұйымдастыруымен «22 Наурыз - жыл басы» мерекесіне орай қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында облыстық “Алтын белбеу - 2021” жарысының аудандық іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері, Қарақұм, Аралқұм, Жіңішкеқұм, Құланды және Арал қаласынан жалпы саны 130-ға жуық жас палуандар қатысты. 32 салмақ дәрежелері бойынша анықталған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мвдақтамасы мен медальдарымен марапатталды. Жарыс ресми ашылу және жабылу рәсімінсіз, көрермендерсіз, барлық санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.