2021 жылдың 14-18 мамыр күндері аралығында WT таеквондодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының V Жастар ойындарында, мектебіміздің оқушысы Жармедетова Нұрайым 49 кг салмақ дәрежесі бойынша жарыстың күміс жүлдегері атанды. Нұрайым қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 11 сынып оқушысы. Алғашқы жаттықтырушысы - Исмайлов Мәди. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!