2022 жылдың 1-10 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Қабылов Әмірмұхамбет чемпионаттың бірінші күнінен-ақ Қызылорда облысының қоржынына алтын медаль сыйлап, өңіріміздің атын шығарып чемпион атанды.
Әмірмұхамбет аудандағы №220 мектептің 9 сыныбында оқиды. Сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жұбанышова Фариза. Жас чемпионды республикалық додаға дайындаған жаттықтырушылары- Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев және Ардақ Таңатаров. Айта кетейік, чемпионымыз осы жылы өтетін U 15 жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады.