Жаңалықтар » Бет 16 » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

2018 жылдың қаңтар айының  21-26 аралығында Павлодар облысының Екібастұз қаласында өткен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің боксшысы Бексұлтанов Ерсұлтан 48 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленді. Жаттықтырушылары Құлмағанбетов Әбдіразақ, Еділбаев Мұрат(ОРМБЖМ № 19)
Сейлов Сабит (спорт интернат Қызылорда) 

Жыл үздіктері!

 Жаңалықтар  Дата: 25-01-2018, 05:34  Автор: admin



Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар- жасөспірімдер мектебінде 2017 жылдың қорытынды кеші өтті.
№19 Арал ОРМБЖ мектебінің жыл үздіктері анықталды.
1. «Үздік спортшы» - Жеңісбек Асқар,
2. «Үздік жаттықтырушы» - Сапаров Бахтияр,
3. «Үздік балалар-жасөспірімдер спортының жанашыры» - аудан
прокуроры Тоқмырза Асылбек атанды.
Ресейдің Мәскеу қаласында ересектер арасында әмбебап жекпе-жектен әлемнің 31 елінің спортшыларының қатысуымен өткен әлем чемпионатында жерлесіміз, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған-балалар жасөспірімдер мектебінің спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әліби Болатұлы күміс жүлдеге ие болды.


2017 жылдың 15-17 қараша күндері аралығында еркін күрестен Жезқазған қаласында өткен ҚР чемпионатында №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спортшысы Жеңісбеков Асқар 63 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы - Сапаров Бахтияр(№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің еркін күрес бөлімшесінің І санатты жаттықтырушысы)

2017 жылдың 25-27 тамыз күндері аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында әмбебап жекпе-жектен ересектер арасында өткен Азия Чемпионатынан жерлесіміз, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданы ОРМБЖ мектебінің жаттықытрушысы Болатұлы Әліби ЧЕМПИОН атанды.
Әліби - 1992 жылы туылған. №19 Арал ауданының ОРМБМ мектебінің еркін күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы