Жаңалықтар » Бет 17 » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН 23 ЖАСҚА ДЕЙІНГІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН 2018 жылдың 5 - 8 ақпан күндері аралығында Қарағанды қаласында өткен 23 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионатында мектебіміздің түлегі ЖАҢАБАЕВА ЖАННҰР күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің еркін күрес бөлімшесінің жаттықтырушысы Ержанов Жасқанат. Жаннұр қазіргі таңда Алматы қаласындағы республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінде 10 сынып оқиды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ П. Ф. МАТУЩАКТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН 2018 жылдың 1-4 ақпан күндері аралығында Қостанай қаласында өткен 2001-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстандағы еркін күресінің негізін қалаушы П.Ф  Матущакті еске алуға арналған XIII республикалық турнирде мектебіміздің түлегі Жаңабаева Жаннұр жеңімпаз атанды. Казіргі таңда Жаннұр Алматы қаласындағы республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінде 10 сынып оқиды.Жаттықтырушысы Ержанов Жасқанат.




ЕРКІН КҮРЕСТЕН 2006 - 2007 ЖЫЛДАРЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЕРКІН КҮРЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЖАСАҒАНБЕРГЕН ҚАЗТУҒАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҚАЛААРАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

ЕРКІН КҮРЕСТЕН 2018 жылдың 29-31 қаңтар күндері аралығында Арал қаласында 2006-2007 ж. т. жасөспірімдер арасында Арал ауданының еркін күресінің негізін қалаған, жаттықтырушы Жасағанберген Қазтуғановты еске алуға арналған қалааралық ашық турнир өтті. Турнирге еліміздің ОҚО, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан барлығы 19 команда қатысты. Турнир Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді.







ГАНДБОЛДАН 2004 - 2005 ЖЫЛДАРЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ

ГАНДБОЛДАН 2018 жылдың 24-27 қаңтар күндері аралығында Арал қаласында 2004-2005 жылдары туылған және одан кіші жастағы қыздар арасында аудандық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке барлығы 9 команда қатысты. Олар: №19 ОРМБЖМ, №17 ОРМБЖМ, №8 ОРМБЖМ, №62 м/лицей, №19 о/мектеп, №220 о/мектеп, Жалағаш ауданы, Шиелі ауданы, Қазалы ауданының командалары. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі, ІІ орынды №17 ОРМБЖ мектебі, ІІІ орынды Қазалы ауданының командасы иеленді.


Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Жарыс жеңімпаздары №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің "МҰРАГЕР" командасы


Жарыстың күміс жүлдегерлері №17 ОРМБЖ мектебінің командасы


Жарыстың қола жүлдегерлері Қазалы ауданының командасы

                                 ЖАРЫСТАН КӨРІНІС








2018 жылдың 27 қаңтар күні Тараз қаласында жасөспірімдер арасында самбо күресінен өтіп жатырған  ҚР чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Еңбек Сақтағанов қола жүлдені жеңіп алды. Жаттықтырушысы Елеулі Досжанов.
2018 жылдың қаңтар айының  21-26 аралығында Павлодар облысының Екібастұз қаласында өткен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің боксшысы Бексұлтанов Ерсұлтан 48 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленді. Жаттықтырушылары Құлмағанбетов Әбдіразақ, Еділбаев Мұрат(ОРМБЖМ № 19)
Сейлов Сабит (спорт интернат Қызылорда) 

Жыл үздіктері!

 Жаңалықтар  Дата: 25-01-2018, 05:34  Автор: admin



Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар- жасөспірімдер мектебінде 2017 жылдың қорытынды кеші өтті.
№19 Арал ОРМБЖ мектебінің жыл үздіктері анықталды.
1. «Үздік спортшы» - Жеңісбек Асқар,
2. «Үздік жаттықтырушы» - Сапаров Бахтияр,
3. «Үздік балалар-жасөспірімдер спортының жанашыры» - аудан
прокуроры Тоқмырза Асылбек атанды.
Ресейдің Мәскеу қаласында ересектер арасында әмбебап жекпе-жектен әлемнің 31 елінің спортшыларының қатысуымен өткен әлем чемпионатында жерлесіміз, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған-балалар жасөспірімдер мектебінің спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әліби Болатұлы күміс жүлдеге ие болды.


2017 жылдың 15-17 қараша күндері аралығында еркін күрестен Жезқазған қаласында өткен ҚР чемпионатында №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спортшысы Жеңісбеков Асқар 63 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы - Сапаров Бахтияр(№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің еркін күрес бөлімшесінің І санатты жаттықтырушысы)

2017 жылдың 25-27 тамыз күндері аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында әмбебап жекпе-жектен ересектер арасында өткен Азия Чемпионатынан жерлесіміз, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданы ОРМБЖ мектебінің жаттықытрушысы Болатұлы Әліби ЧЕМПИОН атанды.
Әліби - 1992 жылы туылған. №19 Арал ауданының ОРМБМ мектебінің еркін күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы