Құрметті ұжымдастар және веб-сайтымыздың қонақтары!!!
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті "Altyn Samgay-2019" Ұлттық Спорттық Жүлдесі үшін Olympic.kz ресми сайтында үздіктерді анықтау үшін жалпыхалықтық дауыс беру жүргізілуде. Жеңімпаздар тоғыз номинация бойынша анықталады.
Оның екі номинациясына қызылордалық спортшылар және "Үздік спорттық өңір" номинациясы бойынша іріктеуге Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысуда.
Осыған орай, еліміздің, облыстың намысын қорғап жүрген жерлестерімізге қолдау білдіруге және облыстың алға шығуына өз үлестеріңізді қосып, дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Дауыс беру төмендегі тізім бойынша жүргізіліп, 29 - қарашаға дейін жалғасады.
1. "Үздік спорттық өңір" - Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
2. "Қысқы спорт түрі бойынша үздік спортшы" - Элизабет Тұрсынбаева, мәнерлеп сырғанау
3. "Жазғы спорт түрі бойынша үздік спортшы" - Дәулет Ниязбеков, еркін күрес