Ағымдағы жылдың 18-25 қараша күндері аралығында Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионаты өткізіледі.
Сегіз күнге созылатын дүбірлі додада ұлттық құрама сапында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің түлектері - Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев Қазақсан намысын қорғап, өнер көрсететін болады.
Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз. Ендеше, жерлес спорт саңлақтарына сәттілік пен жеңіс тілейміз!