Жаңалықтар » Бет 4 » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Құрметті спортшылар және сайт қонақтары! Сіздерді 2019 жылдың 30 желтоқсан күні өтетін, мектебіміздің жылдық қорытынды кешіне шақырамыз. Қорытынды кеште, 2019 жылдың қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен спортшылар марапатталады. 
Өткізілетін орны - Арал аудандық мәдениет үйі
Уақыты - 30. 12. 2019 жыл, сағат - 15:00 -де.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 20-12-2019, 11:06  Автор: moderator
Мектебіміздің түлегі Нұрым Сәлімгереев Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының 2019 жылдың «Үздік спортшы» номинациясының иегері болды. Нұрым - 2019 жылы қазақ күресінен Ақтөбе қаласында өткен Әлем чемпионатының 100 кг салмақ дәрежесіндегі жеңімпазы. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Құттықтаймыз!!!
2019 жылдың 15-16 желтоқсан күндері аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа әлемнің 40 елінен спортшылар қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады. Осы чемпионаттың 100 кг салмақ дәрежесінде, еліміздің намысын мектебіміздің түлегі, жерлесіміз Нұрым Сәлімгереев қорғап, ақтық белдесуде грузиялық Давид Лориашвилиді жеңіп, чемпион атанды. Нұрым - Аралдан шыққан қазақ күресінен тұңғыш Әлем чемпионы. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі. 


Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Осы орайда, спортты жандарына серік ете отырып, ауданның намысын қорғап жүрген жандардың бірі Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев ағымдағы жылдың 18-25 қарашасы аралығында Қара теңіз жағалауындағы Ресей федерациясының Анапа қаласында өтіп жатқан «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жек спорты бойынша Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
Атап айтқанда, әлемдік деңгейде өткен чемпионатта 75-келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Әліби Болатұлы, финалдық бәсекеде Ресей спортшысын өте ауыр бәсекелестікте ұтып, чемпион атанса, Фараби Сауытбаев 60-келі салмақ дәрежесі бойынша бәсекеге түсіп, ақтық мәреде Ресейлік бірнеше дүркін әлем чемпионы Бурят Джабалов Дашаны жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Спорт саласындағы Әліби мен Фарабидің осы бір дүбірлі жеңісі Арал ауданы спортынының тарихында алғашқы әлем чемпиондарының тізімін қалыптастырып берді деуге болады. 
Жалпы командалық есепте жерлестеріміздің сүбелі үлесінің арқасында Қазақстан ұлтық құрамасы Ресей федерацисынан кейін 2-орыннан табылды.
Сонымен қатар, жерлестеріміздің бір ауданнан шыққан спортшылар екенін және бұл үлкен жетістік екенін ескерген бүкіләлемдік «UNIFIGHT» федерациясының президенті Сергей Новиков Қазақстан Республикасы аймағында «UNIFIGHT» спортын дамытуға және қолайлы жағдай туғызуға сіңірген еңбегі үшін Арал ауданы әкімі М.Ә.Оразбаевқа алғыс хатын аманат етіп, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама делегациясының мүшесі 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры С.А.Алмагамбетовке табыс етті. Жеңіс құтты болсын!

Altyn Samgay-2019

 Жаңалықтар  Дата: 19-11-2019, 15:31  Автор: moderator
Құрметті ұжымдастар және веб-сайтымыздың қонақтары!!!
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті "Altyn Samgay-2019" Ұлттық Спорттық Жүлдесі үшін Olympic.kz ресми сайтында үздіктерді анықтау үшін жалпыхалықтық дауыс беру жүргізілуде. Жеңімпаздар тоғыз номинация бойынша анықталады.
Оның екі номинациясына қызылордалық спортшылар және "Үздік спорттық өңір" номинациясы бойынша іріктеуге Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысуда.
Осыған орай, еліміздің, облыстың намысын қорғап жүрген жерлестерімізге қолдау білдіруге және облыстың алға шығуына өз үлестеріңізді қосып, дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Дауыс беру төмендегі тізім бойынша жүргізіліп, 29 - қарашаға дейін жалғасады. 

1. "Үздік спорттық өңір" - Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы


2. "Қысқы спорт түрі бойынша үздік спортшы" - Элизабет Тұрсынбаева, мәнерлеп сырғанау

3. "Жазғы спорт түрі бойынша үздік спортшы" - Дәулет Ниязбеков, еркін күрес

Ағымдағы жылдың 18-25 қараша күндері аралығында Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионаты өткізіледі.
Сегіз күнге созылатын дүбірлі додада ұлттық құрама сапында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің түлектері - Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев Қазақсан намысын қорғап, өнер көрсететін болады.
Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз. Ендеше, жерлес спорт саңлақтарына сәттілік пен жеңіс тілейміз!


Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ұймдастыруымен қазақ күресінен 2006-2008 және 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа жалпы 8 команда құрамында 105-ке жуық спортшылар қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамасы және медальдарымен марапатталды.

Жарыс нәтижесі:
2006-2008 ж.т.
32 кг салмақ бойынша
І-орын Мұсылманбек Ұлан (Шалқар ауданы)
35 кг салмақ бойынша
І-орын Қыдырбаев Нұрасыл (Сексеуіл кенті)
38 кг салмақ бойынша
І-орын Қалыбеков Нұржігіт (Жіңішкеқұм)
42 кг салмақ бойынша
І-орын Әбдіреймов Ардабек (Шалқар ауданы)
46 кг салмақ бойынша
І-орын Мырзатаев Қадірбек (Сексеуіл кенті)
50 кг салмақ бойынша
І-орын Сағатов Қуаныш (Шалқар ауданы)
55 кг салмақ бойынша
І-орын Мамаев Әліби (Шалқар ауданы)
+55 кг салмақ бойынша
І-орын Қуатбай Аманжол (Қарақұм ауылы)

2009-2011 ж.т.
23 кг салмақ бойынша
І-орын Серіков Айболат (Арал қаласы)
26 кг салмақ бойынша
І-орын Қанибай Нұрислам (Арал қаласы)
29 кг салмақ бойынша
І-орын Жұмабаев Дамир (Шалқар ауданы)
32 кг салмақ бойынша
І-орын Саудаев Нұрболат (Қарақұм ауылы)
35 кг салмақ бойынша
І-орын Бөлекбай Есет (Құланды ауылы)
38 кг салмақ бойынша
І-орын Ақтан Алмат (Шалқар ауданы)
42 кг салмақ бойынша
І-орын Нұрланұлы Әлинұр (Жіңішкеқұм)
+42 кг салмақ бойынша
І-орын Тәңірберген Шыңғысхан (Шалқар ауданы)



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 12-11-2019, 15:26  Автор: moderator
Қызылорда қаласында өткізіліп жатқан қазақ күресінен ерлер жəне əйелдер арасында ҚР чемпионатында жерлесіміз, мектебіміздің түлегі Нұрым Сәлімгереев 100 келі салмақ дәрежесінде  ІІ-орынға ие болды. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 4-11-2019, 17:02  Автор: moderator
Бокстан Қызылорда қаласында 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында Жалаңтөс Баhадүр бабамызды еске алуға арналған республикалық турнирде, мектебіміздің спортшылары Кеңесханов Данияр 40 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанса, Көптілеуов Бекзат 43 кг салмақта III-орын ,Нұржаубай Әлішер 58 кг салмақта II-орын. Спортшыларды жарысқа дайындаған мектебіміздің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Қаныбетов Мұрат.


Еркін күрестен Шымкент қаласында өтіп жатқан Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған жастар арасындағы ХХІV - Халықаралық турнирде, мектебіміздің спортшысы Әділханов Ерсұлтан 57 кг салмақ дәрежесі бойынша жарыстың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. Жаттықтырушылары - Ержанов Жасқанат, Рахметов Мейрамбек. Құттықтаймыз!!!