Жаңалықтар » Бет 5 » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

Хабарландыру

 Жаңалықтар  Дата: 31-08-2019, 17:46  Автор: moderator
Құрметті ата-аналар!!! Сіздердің мектеп жасындағы балаларыңызды 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырамыз. Мектебімізде спорттың 14 түрі бойынша жаттығу жүргізіледі. Олар: баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, бокс, кикбокс, еркін күрес, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, таеквондо, қазақ күресі, асық ату, грэпплинг, әмбебап жекпе-жек. Қазіргі таңда, мектебіміздің спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда аудан намысын абыроймен қорғауда. Спорт түрлері бойынша жаттығуларды тәжірибесі мол, өз істерін жоғарғы деңгейде меңгерген жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жүргізеді. Спорттың кез-келген түрімен шұғылдану ақысыз негізде жүргізіледі. Спорт түрлеріне тіркелу жөніндегі сұрақтарыңызбен мектебіміздің оқу бөліміне немесе спорт бөлімшелеріндегі жаттықтырушы-оқытушыларға жүгіне аласыздар. 
Мекен-жайымыз: Арал қаласы Аманкелді көшесі н/з(орталық стадион)
Байланыс телефоны: 8 (724 33 21458)









Аудан әкімінің орынбасары спорт саласы қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Спорт күні кәсіби мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің, спорт саласы басшыларының алғыс хаттарын табыстады. Құттықтаймыз!!!





ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 17-08-2019, 10:58  Автор: moderator
№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Алмағамбетов Серік Алдажарұлы Қазақстан Республикасының Спорт күні кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Құттықтаймыз!


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 10-08-2019, 10:13  Автор: moderator
2019 жылдың 8 - 10 тамыз күндері аралығында еркін күрестен Атырау облысы Құлсары қаласында өткен ауыл жасөспірімдері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшысы Жеңісбеков Асқар 71 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленді. Жаттықтырушысы -Сапаров Бахтияр.



ХАБАРЛАНДЫРУ

 Жаңалықтар  Дата: 6-08-2019, 19:09  Автор: moderator

Құрметті Арал қаласының мектеп оқушылары!!! Сіздерді 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырамыз. Мектебімізде спорттың 14 түрі бойынша жаттығу жүргізіледі. Олар: баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, бокс, кикбокс, еркін күрес, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, таеквондо, қазақ күресі, асық ату, грэпплинг, әмбебап жекпе-жек. Қазіргі таңда, мектебіміздің спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда аудан намысын абыроймен қорғауда. Спорт түрлері бойынша жаттығуларды тәжірибесі мол, өз істерін жоғарғы деңгейде меңгерген жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жүргізеді. Спорттың кез-келген түрімен шұғылдану ақысыз негізде жүргізіледі. Спорт түрлеріне тіркелу жөніндегі сұрақтарыңызбен мектебіміздің оқу бөліміне немесе спорт бөлімшелеріндегі жаттықтырушы-оқытушыларға жүгіне аласыздар. 

Мекен-жайымыз: Арал қаласы Аманкелді көшесі н/з(орталық стадион)
Байланыс телефоны: 8 (724 33 21458)










 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 2-08-2019, 16:20  Автор: moderator
2019 жылдың 31 шілде - 1 тамыз күндері аралығында грек-рим күресінен Атырау қаласында өткен ауыл жасөспірімдері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшылары Төлебаев Қанағат 45 кг салмақ дәрежесінде І орын, Алданиязов Мақсат 51 кг салмақ дәрежесінде І орын, Әбу Бердібек 92 кг салмақ дәрежесінде І орын, Баймұратов Рауан 48 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. Жаттықтырушылары: Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр, Таңатаров Ардақ.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 15-07-2019, 10:54  Автор: moderator
2019 жылдың 12 - 14 шілде күндері аралығында Алматы қаласында Жекпе-Жектен 2002-2003 жылдары туылған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Аталған жарыста спортшымыз Амангелді Гүлдана 62 кг.салмақ дәрежесінде 3-орын, Рахымғазы Еламан 70 кг салмақ дәрежесінде  2-орын, Жанаев Рамазан 55 кг салмақ дәрежесінде 2-орын, Жайназаров Әділжан 75 кг.салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болды. Жаттықтырушысы - Сауытбаев Фараби 


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 23-06-2019, 16:51  Автор: moderator
2019 жылдың 18-22 маусым күндері аралығында Қордай қаласында өткен кикбоксингтен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында, мектебіміздің оқушысы Өмірбекқызы Ақнұр ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы - Саматова Гульбану.

2019 жылдың 13-17 маусым күндері аралығында қазақ күресінен Жезқазған қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшысы Сақтағанов Еңбек 82 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Досжанов Елеулі.
2019 жылдың 5-11 маусым күндері аралығында, ВОЛЕЙБОЛДАН Павлодар қаласында өткен 2006-2007 ж.т. жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, облыс құрама командасы қола жүлдегер атанды. Аталған чемпионатқа мектебіміздің волейбол бөлімшесінің оқушысы Берманов Қайсар қатысты. Жаттықтырушысы - Келжанов Дархан. Жүлделеріңіз құтты болсын!!!