Жаңалықтар » Бет 6 » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

2019 жылдың 14-22 қыркүйек күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтті. Бұл әлемдік додаға спорттың еркін күрес түрінен жерлестеріміз Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаев қатысты. Аталған чемпионатқа спортшыларымызға қоладау көрсетіп, жанкүйерлік таныту үшін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты барлық мекемелерінен жанкүйерлер жіберілді. Нұр-Сұлтан қаласының "Барыс Арена" спорт кешенінде өткен әлем чемпионатында, №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің жанкүйер -делегаттары жерлестерімізге қолдау көрсетті. Нәтижесінде жерлесіміз Дәулет Ниязбеков 65 кг салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!







    

Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 16-09-2019, 16:00  Автор: moderator
2019 жылдың 12-17 қыркүйек күндері аралығында жеңіл атлетикадан Ақтөбе қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының V жазғы паралимпиадалық ойындарында, мектебіміздің спортшылары Зұлбұхарұлы Бекжан Т/F12 санаты бойынша, Нұржанов Бақытбек Т/F42 санаты бойынша 100, 200 және 400 метр қашықтыққа жүгіруден жеңімпаз атанып, облыс қоржынына барлығы 6 алтын медаль салды.  Спортшыларымызды құттықтаймыз!!! Жаттықтырушы - Бисембаев Нұрболат.




2019 жылдың 3-11 қыркүйек күндері аралығында баскетболдан Алматы қаласында өткен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында, облысымыздың құрама командасы жарыстың күміс жүлдегерлері атанды. Жерлестеріміз финалдық ойында Алматылық баскетболшыларға есе жіберді. Аталған чемпионатта, облыс құрама командасының сапында мектебіміздің баскетбол бөлімшесінің оқушысы Үмбетқазиев Бексұлтан өнер көрсетті. Жаттықтырушысы - Жетпісбайұлы Еркін. Құттықтаймыз!!!


Құттықтаймыз!!!

 Жаңалықтар  Дата: 13-09-2019, 19:02  Автор: moderator
2019 жылдың 6-12 қыркүйек күндері аралығында футболдан Қызылорда қаласында өткен, ҚР құрметті спорт қайраткері С. Әбеновтың жүлдесіне арналған 2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде, мектебіміздің футбол құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушы - Ордабаев Бақтыбай.

  
2019 жылдың 2 қыркүйек күні мектебіміздің мәжіліс залында 2019-2020 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңесте күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, мектебіміздің 2019 жылдың алғашқы 7 айлығындағы облыс және ҚР біріншіліктеріндегі жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктері талқыланды. Сонымен қатар, жаттықтырушыларға жаңа оқу жылындағы оқу топтары, сағаттық жүктемелері таныстырылып, алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға байланысты тапсырмалары берілді. 




Хабарландыру

 Жаңалықтар  Дата: 31-08-2019, 17:46  Автор: moderator
Құрметті ата-аналар!!! Сіздердің мектеп жасындағы балаларыңызды 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырамыз. Мектебімізде спорттың 14 түрі бойынша жаттығу жүргізіледі. Олар: баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, бокс, кикбокс, еркін күрес, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, таеквондо, қазақ күресі, асық ату, грэпплинг, әмбебап жекпе-жек. Қазіргі таңда, мектебіміздің спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда аудан намысын абыроймен қорғауда. Спорт түрлері бойынша жаттығуларды тәжірибесі мол, өз істерін жоғарғы деңгейде меңгерген жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жүргізеді. Спорттың кез-келген түрімен шұғылдану ақысыз негізде жүргізіледі. Спорт түрлеріне тіркелу жөніндегі сұрақтарыңызбен мектебіміздің оқу бөліміне немесе спорт бөлімшелеріндегі жаттықтырушы-оқытушыларға жүгіне аласыздар. 
Мекен-жайымыз: Арал қаласы Аманкелді көшесі н/з(орталық стадион)
Байланыс телефоны: 8 (724 33 21458)









Аудан әкімінің орынбасары спорт саласы қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Спорт күні кәсіби мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің, спорт саласы басшыларының алғыс хаттарын табыстады. Құттықтаймыз!!!





ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 17-08-2019, 10:58  Автор: moderator
№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Алмағамбетов Серік Алдажарұлы Қазақстан Республикасының Спорт күні кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Құттықтаймыз!


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 10-08-2019, 10:13  Автор: moderator
2019 жылдың 8 - 10 тамыз күндері аралығында еркін күрестен Атырау облысы Құлсары қаласында өткен ауыл жасөспірімдері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшысы Жеңісбеков Асқар 71 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленді. Жаттықтырушысы -Сапаров Бахтияр.



ХАБАРЛАНДЫРУ

 Жаңалықтар  Дата: 6-08-2019, 19:09  Автор: moderator

Құрметті Арал қаласының мектеп оқушылары!!! Сіздерді 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырамыз. Мектебімізде спорттың 14 түрі бойынша жаттығу жүргізіледі. Олар: баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, бокс, кикбокс, еркін күрес, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, таеквондо, қазақ күресі, асық ату, грэпплинг, әмбебап жекпе-жек. Қазіргі таңда, мектебіміздің спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда аудан намысын абыроймен қорғауда. Спорт түрлері бойынша жаттығуларды тәжірибесі мол, өз істерін жоғарғы деңгейде меңгерген жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жүргізеді. Спорттың кез-келген түрімен шұғылдану ақысыз негізде жүргізіледі. Спорт түрлеріне тіркелу жөніндегі сұрақтарыңызбен мектебіміздің оқу бөліміне немесе спорт бөлімшелеріндегі жаттықтырушы-оқытушыларға жүгіне аласыздар. 

Мекен-жайымыз: Арал қаласы Аманкелді көшесі н/з(орталық стадион)
Байланыс телефоны: 8 (724 33 21458)