Жаңалықтар » Бет 8 » ОРМБЖМ №19

 

ОРМБЖМ №19

БӨЛІМШЕЛЕРІ

Опрос

Оцените работу движка


Бөлісу



Біздің мақтанышымыз!


Толығырақ

Карта

Пайдалы сілтемелер

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 4-05-2019, 17:58  Автор: moderator
2019 жылдың 2-6 мамыр күндері аралығында Көкшетау қаласында өтіп жатқан АСЫҚ АТУ спортынан ("Бес табан" ұлдар 2009-2010 ж.т.) БЖСМ арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшылары Нұрлыбекұлы Данияр, Шоқашов Темірлан, Ерғазиев Нұрсәт командалық есепте жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы - Көбелов Азамат.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 4-05-2019, 16:43  Автор: moderator
2019 жылдың 29 сәуір – 3 мамыр күндері аралығында бокстан Степногорск қаласында өткен 2005-2006 ж.т. жасөспірім қыздар арасында Ұлы Отан соғысының батырлары Ә. Молдағұлова мен М. Маметованы еске алуға арналған республикалық турнирде мектебіміздің спортшылары Ирзаева Ақгүл 46 кг салмақта І орын, Серікқалиева Нұрай 50 кг салмақта ІІ орын, Байзақова Махаббат 40 кг салмақта ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы - Мыңжасаров Мақсат.




  
2019 жылдың 4-7 сәуір күндері аралығында грек-рим күресінен Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен 2004-2006 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, мектебіміздің спортшысы Алданиязов Мақсат 48 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Қожекенов Талғат. Құттықтаймыз!!!


2019 жылдың 7 сәуір күні 2006-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен спорт шебері Жанесенов Оңдасын Нақылұлын еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды.
3 күнге созылған жарыстың НӘТИЖЕСІ:
23кг. салмақ дәрежесінде:
І-орын Мутиғалла Мухамад (Атырау қаласы)
26кг. салмақ дәрежесінде:
І-орын Тынышбекұлы Ахмет (Арыс қаласы)
29кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Юлдашов Хусан (Жаңаөзен қаласы)
32кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Абылғазы Азамат (Талдықорған қаласы)
35кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Бауыржанұлы Нұрлығұлан (Арал қаласы)
38кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Папов Мансур (Алматы қаласы)
41кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Амангелді Әділет (Тараз қаласы)
44кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Жұмамұратов Батыржан (Спорт интернат)
48кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Мақсұтов Дамир (Ақтөбе қаласы)
52кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Сейілбек Нұрсұлтан (Арыс қаласы)
57кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Серік Сабит (Ақтөбе қаласы)
62кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Киікбаев Нұрлыбек (Ж.қылыш кенті)
68кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Панабеков Нұрдаулет (N6 ОРМБЖМ Қызылорда)
75кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Сұлтан Бейбарыс (N1 ОРМБЖМ Қызылорда)
85кг.салмақ дәрежесінде:
І-орын Ізбасар Дінмұхаммед (N2 ОРМБЖМ Қызылорда) ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы жасалған медальдармен, спорттық кубоктар және демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Жарыстың ұйымдастырушысы Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.
ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!





2019 жылдың 30 наурыз -3 сәуір күндері аралығында ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН Өскемен қаласында өткен 1999-2001 ж.т. жастар арасындағы ҚР чемпионатында мектебіміздің спортшысы Жаңабаева Жаннұр 59 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жаннұр қазіргі таңда Алматы қаласындағы республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінде 11 сынып оқиды. №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебіндегі жаттықтырушысы - Ержанов Жасқанат.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 Жаңалықтар  Дата: 31-03-2019, 11:25  Автор: moderator
2019 жылдың 29 - 31 наурыз күндері аралығында грек-рим күресінен Алматы қаласында өткен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында КСРО-ның ЕССШ, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Даулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған XХ дәстүрлі республикалық турнирінде, мектебіміздің спортшысы Алданиязов Мақсат 48 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Қожекенов Талғат.
2019 жылдың 29-30 наурыз күндері аралығында жеңіл атлетикадан Алматы қаласында өткен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы ҚР қысқы чемпионатында, найза лақтырудан мектебіміздің спортшылары Жақсылықов Субхан күміс жүлдегер, Шамшаев Дамир қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушы - Бисембаев Нұрболат.

Денені ширатып, бұлшық еттерді қатайтатын, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын қазақ күресінің халқымыз үшін қашан да маңызы зор.
Бүгін аудан әкімінің жүлдесі үшін Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастарылған мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Мемлекеттік қызметшілер Барысы» өз мәресіне жетті.
Үнемі жұмыс үстелінде, компьютер алдында қағазбен жұмыс жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер боз кілемде бақ сынасып, өздерін жаңа қырынан көрсетті.
Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынды жеңіп алған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Нақылов Ержанға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Мемлекеттік қызметшілер Барысы» белдігін және арнайы диплом мен кубокті табыстады.
Жүлделі ІІ орынды Аралқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әбдіхалықов Жұбатқан, ІІІ орынды аудан әкімінің көмекшісі Жиеналиев Әділжан иеленді.










2019 жылдың 17-20 наурыз күндері аралығында Талдықорған қаласында өткен еркін күрестен 2002 - 2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында, мектебіміздің спортшысы Жеңісбеков Асқар 71 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы - Сапаров Бахтияр. Құттықтаймыз!!! 

№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде, Жастар жылы аясында акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Әбуұлы Құттымұратовты еске алуға арналған 2004-2005 және 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Жарыстың нәтижесі:
2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер
29 кг салмақ бойынша І-орын Қыстаубай Мирас (Жамбыл қаласы)
32 кг салмақ бойынша І-орын Нағашыбай Биржан (Әйтеке би кенті)
35 кг салмақ бойынша І-орын Бисенбай Ерасыл (Жамбыл облысы)
38 кг салмақ бойынша І-орын Нұрдәулет Мирас (Ақтөбе облысы)
2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер
41 кг салмақ бойынша І-орын Ақбай Әділет (Сексеуәл кенті)
44 кг салмақ бойынша І-орын Баймұратов Рауан (Арал ауданы) 
48 кг салмақ бойынша І-орын Бұғыбай Ардақ (Қылыорда облысы спорт интернат)
52 кг салмақ бойынша І-орын Мырзағазиев Данияр (Арал ауданы)
57 кг салмақ бойынша І-орын Бимағамбет Мұхаммед (Қызылорда қаласы)
62 кг салмақ бойынша І-орын Қожамұрат Д. (Әйтеке би кенті) 
68 кг салмақ бойынша І-орын Айдос Ғасырбек (Қызылорда облысы спорт интернат)
+68 кг салмақ бойынша І-орын Сарсенбаев Н. (Жамбыл облысы)
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы жасалған медальдармен, спорттық кубоктар және мадақтармен марапаталды. Жарыстың бас демеушісі Арал ауданының әкімдігі.