Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында әмбебап жекпе-жектен Азия Чемпионатында жерлесіміз Сауытбаев Фараби чемпион атанған болатын. 2019 жылдың 23 қаңтар күні Арал аудандық спорт бөлімінің басшысы Т. Әлжанов, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры С. Алмағамбетов және белсенді жастар жеңімпазымызды темір жол вокзалынан арнайы күтіп алды. Жас чемпионды жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

